Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Даму» Қоры және IFC тамақ өнеркәсібі саласына қолдау көрсетеді

«Даму» Қоры және IFC тамақ өнеркәсібі саласына қолдау көрсетеді

Дүниежүзілік банктің тобына кіретін Халықаралық қаржылық корпорациясы (IFC - International Finance Corporation) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорымен бірлесіп «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі: бизнестің жаңа мүмкіндіктері» атты V форум өткізді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлайды.

Форумға қатысушылар Қазақстанда өндірілетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін арттыру мәселелерін талқылап, тамақ өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әлемдік тәжірибе мен үдерістерді саралап, жаңа нарыққа жол табу, инвестиция тарту үшін қауіпсіз тамақ шығаруға ынталандыру шаралары туралы ой бөлісті.

«Бүгінде қазақстандықтардың таңдау мүмкіндіктері мол. Күн сайын дүкен сөрелеріне шет елдік, отандық тауарлардың түр-түрі шығарылады. Сырттан келетін өнімдермен бәсекелесу күн өткен сайын қиын болып келеді, - деді сөз алған «Даму» Қоры басқарма төрағасының орынбасары Мирас Бейсембаев. – Нарықта өз орнын ойып алып, бәсекеге қабілетті болуды көздейтін кәсіпорындарға осы өнімдерді шығарудағы тәуекелдерді де ескеру керек. Сондықтан да «Даму» Қоры арқылы мемлекет мұндай компанияларға қаржылай қолдау білдіріп қана қоймай, отандық өндірушілердің өз кәсіпорындарында соңғы үлгідегі құрылғыларды сатып алып, тамақ өнімдері қауіпсіздігінің жаңа стандарттарын енгізуіне де көмектесіп отырады»

Мұнымен қатар, Қазақстанның тамақ өнеркәсібі саласының болашағы зор. Бұған елдің бидай мен ұн шығаруда көш бастап тұрғаны мен ұлан-байтақ жер, органикалық өнімдер шығарып, оны экспорттай алуға мүмкіндіктің жоғарылығы сеп болып отыр. Тамақ өнімдері қауіпсіздігін игеруге замануи, әлем мойындаған стандарттарды енгізу – Қазақстандық кәсіпорындарға ішкі нарықтағы беталысты нақтылап, сыртқы нарыққа шығуға мүмкіндік беріп, шығындарды азайтып, тәуекелдер көлемін төмендетуге көмектеседі.

«Өнім өндіріп, оны қайта өңдеу және қаптама шығаруда заманауи технологиялар енгізу – қазақстандық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді, - дейді IFC Еуропа мен Орталық Азиядағы агробизнесте жаңа стандарттар енгізу жөніндегі кеңестік бағдарламасының жетекшісі Майя Тевзадзе.

Бұл шара Халықаралық қаржылық корпорацияның өңірдегі агрокәсіпорындарға өз әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау білдірудегі қызметінің бір парасы.

Австрия Қаржы министрлігінің әріптестігімен агробизнесте стандарттар енгізу жөніндегі IFC кеңес беру бағдарламасы Еуропа мен Орталық Азиядағы 100-ден аса клиенттерге құны 159 млн доллардың инвестициясын тартуға жәрдемдескен. Олар өз сатылым деңгейлерінің 323 млн долларға артқанын айтып отыр.

Похожие материалы