Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дамушы елдердің валюта бағамдарына шолу

Дамушы елдердің валюта бағамдарына шолу

Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 2018 жылғы 21-29 желтоқсан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады.

29 желтоқсандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 3,5%-ға әлсіреп  (371,35-тен), 384,2 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық және қор нарықтарында 2018 жылғы 21 желтоқсаннан 29 желтоқсан  аралығында  маңызды оқиғалар елдің фискалдық бюджетінің жобасы бойынша келіспеушіліктерге, Д.Трамптың Қаржы министрі мен   АҚШ ФРЖ Төрағасының жұмысына қатысты риторикасына байланысты қарама-қайшы мәліметтерге, Америка өкілдерінің Қытайға сауда-саттық келіссөздер жүргізу үшін қаңтар айына жоспарланған сапары туралы жаңалықтарға, сондай-ақ АҚШ-тың  және әлемнің экономикалық өсуі перспективасына қатысты белгісіздіктің сақталуына байланысты  рождество апталығында сауда-саттық көлемдерінің төмендеуі аясында жоғары құбылмалылық байқалды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әртүрлі бағыттағы серпініне  әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Мексика песосы 2019 жылға арналған консервативті фискалдық бюджетке қатысты жағымды жаңалықтардың, сондай-ақ Мехико қаласында жаңа әуежай құрылысының күшін жою рәсіміне қатысты келіспеушіліктерді шешу аясында 1,4%-ға  (19,94-тен 19,66-ға дейін) нығайды;

Оңтүстік Африка рэнді  рождество алдындағы сауда-саттықта инвесторлар тарапынан тәуекел активтеріне сұраныстың өсуі аясында  1,4%-ға (14,64-тен 14,43-ке  дейін) нығайды;

Түрік лирасы екінші ай қатарынан үдемелі экономикалық өсу көрсеткіштерінің  жақсаруы аясында 0,8%-ға (5,331-ден 5,27-ге дейін) нығайды;

Бразилия реалы 0,5%-ға (3,90-нан 3,88-ге дейін) нығайды. Бразилияның жаңадан  сайланған Президенті Жаир Болсонарудың зейнетақы реформасының жобасы   1 триллион Бразилия реалын 10 жыл бойы үнемдеуге мүмкіндік бермек;

Үндістан рупиясы мұнай бағасының теріс серпінінің жалғасуы аясында 0,4%-ға (70,18-ден 69,93-ке дейін) нығайды;

Индонезия  рупиясы 0,1%-ға (14 553-тен 14 568-ге дейін) біраз әлсіреді;

Ресей рублі  мұнай бағасының құлдырауы және салықтық төлемдер кезеңінің аяқталуы аясында 0,9%-ға (68,95-тен  69,55-ке дейін) әлсіреді;

Похожие материалы