Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Данияр Ақышев: Теңге бағамы жыл басынан бері 12,7%-ға әлсіреді

Данияр Ақышев: Теңге бағамы жыл басынан бері 12,7%-ға әлсіреді

Алматы. 13 қараша. 7kun.kz – Ұлттық Банк шектерді, дәлізді немесе басқа бағдарды белгілемей, өзгермелі айырбастау бағамы саясатын жүргізуін жалғастырады. Бұл туралы бас банктің басшысы Данияр Ақышев мәлім етті.

Валюта нарығында теңге бағамы жыл басынан бастап 12 қараша аралығында 12,7%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 374,47 теңгені құрады. Олардың ішінде – АҚШ долларының нығаюы және АҚШ ФРЖ мөлшерлемесінің өсуі. Соның салдарынан – дамушы нарықтан капиталдың әкетілуі, Ресей рублінің әлсіреуі және теңге бағамының сыртқы жағдайларға тиісті өзгеруі.

Сонымен қатар, ол Қазақстан Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері қазанның соңында алдын ала деректер бойынша 29,1 млрд АҚШ доллары, Ұлттық қордың активтері 56,5 млрд АҚШ доллары болғанын атап өтті. Жалпы халықаралық резервтер 85,6 млрд АҚШ долларын құрады.

Похожие материалы