Алматы. 17 қараша. 7kun.kz — 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 167,9 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық Банкі.
Оның ішінде 7,9 пайызы немесе 13,2 млрд АҚШ доллары – бұл мемлекеттік сектордың сыртқы борышын, 3,7 пайыз немесе 6,2 млрд АҚШ доллары – «Банктер» секторының сыртқы борышын, 25,2 пайызы немесе 42,4 млрд АҚШ доллары – тікелей инвестициялармен байланысты емес «Басқа секторлардың» берешегін, ал қалған 63,2 пайыз немесе 106,1 млрд АҚШ доллары аталған сектордың фирмааралық берешегін құрайды.
Д. Ақышев, сондай-ақ мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, ең алдымен, халықаралық капитал нарығында шығарылған тәуелсіз облигациялар құнының өсуі есебінен және Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарына бейрезиденттер тарапынан сұраныстың артуы есебінен 0,4 млрд АҚШ доллары артты деп мәлімдеді.
«Банктердің» сыртқы міндеттемелері» (екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) 1,0 млрд. АҚШ доллар, оның ішінде еурооблигацияларды жоспарлы өтеу және іс-әрекеттегі сыртқы қарыздар салдарынан қысқарды», - деді қаржы реттеуші.
«Фирмааралық борыш 1,8 млрд АҚШ долларына өсті, ол бірінші кезекте, мұнай-газ жобаларын одан әрі қаржыландыру және қарыздар бойынша төленбеген дивидендтер мен сыйақылар бойынша тікелей инвесторлар алдындағы берешектің өсуі есебінен болды», - деді Д.Ақышев.
Ұлттық Банк басшысының пікірі бойынша, ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) және тауарлар мен қызметтер экспорты (ТҚЭ) көлемінің өсуі сыртқы борыштың салыстырмалы өлшемдерін жақсартуға ықпал етеді. Сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы 2017 жылғы 1 шілдеде жыл басындағы 119,3 пайызбен салыстырғанда 112,4 пайызды құрады, ал сыртқы борыштың ТҚЭ-ға қатынасы 375,8 пайызбен салыстырғанда 336,6 пайызды құрады.
«2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның сыртқы борышы ІЖӨ-нің 27,6 пайызын құрай отырып, 3,1 млрд АҚШ долларына 41,2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды», - деп ата өтті Д. Ақышев. Қаржы реттеушісінің басшысы мемлекеттік сектор басқа әлемге қатысты бұрынғысынша таза кредитор позициясын, «Басқа секторлар» және «Банктер» секторы таза борышкер позициясын сақтап отырғанын атап өтті.