Дефляция (лат. deflatio - босап қалу, желі шығып кету) - жергілікті валютаның сатып алу қабілетінің артуы. Бұл баға индексінің төмендеуінен байқалады. Дефляция инфляцияға қарсы процесс.
Қазіргі кезде дефляция экономиканың кері кетуін, өнімдердің шығарылу көлемінің төмендеуін және жұмыссыздықтың артуын білдіреді. Бағалардың төмендеуіне байланысты экономикалық агенттер біраз уақыт өткен соң (әдетте бірнеше жыл) ақшаны дұрыс жұмсау үшін (баға төмендегеніне байланысты ресурстарды арзан бағамен сатып алу) инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл сұранысты азайтып, тауар мен қызмет түрлерінің құнын одан әрі түсіріп, өндіріс көлемін азайтады.