«Delta Bank» АҚ - Қазақстандық қаржы институты. 1993 жылдың 1 қыркүйегінде Ақтауда Батыс Қазақстанның ірі мұнай-газ компанияларының бастамасымен негізі қаланған.
2007 жылы банкті ребрендинг жасады. Оның негізі бірінші кезекте, бөлшек, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жаңа стратегияны қабылдаумен байланысты. Бұдан бөлек, клиенттерінің құрамында мұнай секторы компанияларының үлесі қысқаруына байланысты банк салалық болуын тоқтатты.
«Delta Bank» АҚ: 1. «Қазақстанның қаржыгерлер ассоциациясының» мүшесі; 2. «Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ-ң депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушысы; 3. VISA International Халықаралық төлем ассоциациясының мүшесі; 4. "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшесі; 5. SWIFT SCRL Әлемдік Банкаралық қаржылық телекоммуникация Қоғамы S.W.I.F.T. Халықаралық банкаралық телекоммуникация жүйесінің мүшесі; 6. «Бірінші несие бюросы» ЖШС-ң мүшесі;
«Delta Bank» АҚ-ң аймақтық желісіне 11 филиал кіреді. Банк жоспары - қосымша филиалдар ашу арқылы өзінің аймақтық қатысуын кеңейту.
«Delta Bank» АҚ-ң активтері 450 070 млн.теңгені, несие портфелі (нетто) 363 063 млн. теңгені құрайды. Жеке капиталы — 57 322 млн.теңге (деректер 2016 ж. 1 маусым жағдайына келтірілген).
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 24 қазандағы №213 лицензиясы.
Директорлар Кеңесінің Мүшелері
- Шалгимбаева Галина Николаевна (Төрайым)
Директорлар кеңесінің Төрағасы Г.Н.Шалгимбаева х-ым "GALA Invest Consulting" ЖШС-нің Президенті қызметін және «GALATTON» ЖШС-нің Бас директоры қызметін қоса атқарады және аталған компаниялардың жарғыларына сәйкес жауапты және уәкілетті болып табылады;
- Самзаев Нұрбол Артықбайұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі Н.А.Самзаев банктің басқарма төрағасы қызметін атқарады.
- Бейкутова Гульнур Мейрамбековна (тәуелсіз директор)
Директорлар Кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Г.М.Бейкутова ханым Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасында шақырылатын оқытушы қызметін қоса атқарады.