Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Демпинг деген не?

Демпинг деген не?

Демпинг (нем. dumping' - сөзбе-сөз мағынасы: лақтырып тастау)

  1. тауарлардың сыртқа едәуір төмен бағамен (кейде оны "тастанды" баға деп атайды) шығарылуы;
  2. тауарлардың ішкі нарықтағы бағаға қарағанда сыртқы нарықта неғұрлым төмен бағамен сатылуы. Мазмұнына қарай екі нысанға бөлінеді: тауар демпингі - тауарларды басқа елдің нарықтарында төмендетілген бағамен сату, яғни ол дағдылы коммерциялық операцияларда қолданылады; валюта демпингі, мұнда валютамен неғүрлым қамтамасыз етілген елден валютасының тұрақтылығы жоғары елге тауарлар төмен бағамен шығарылады.

Демпинг әдетте мынадай нысандарда болады: стихиялық (жекелеген) демпинг — тауарды шетелде өткізу оның болжанбаған жағдайда мол болып шығуына апарып соқтырады (құбылыс ретінде жекелеген сипатта болады); тонаушылық демпинг - шетелдік жеткізушілердің олардың өз нарықтарындағы жағдайына нұқсан келтіру ниетімен (сыртқы нарықтағы бәсекені жою және монополия құру мақсатымен) тауарды шетелге ішкі нарықтағыңан төмен бағамен саналы түрде, әдейі шығару; орнықты демпингі — ішкі нарықпен салыстырғанда баға жөнінен неғұрлым икемді сыртқы нарықта бәсекелесуге қабілетті шепті жеңіп алу мақсатымен демпингсаясатын іске асыру жөніндегі ұзақ уақытқа созылған тұрақты демпинг.

Похожие материалы