
Депозит немесе салым — жеке тұлғалардың несие-қаржы мекемелерінде сақталатын және олардың уақытша билігінде болатын‚ иесіне қайтарылатын немесе оның нұсқауы бойынша басқа бір тұлғаға беруге болатын ақшалай қаражат.
Депозиттің мынадай түрлері бар:
- талап етілмелі депозит — банктерге (жинақ банктеріне және басқа несие мекемелеріне) сақталу мерзімі көрсетілмей салынатын жинақ ақша;
- ұсынушыға арналған депозит‚ мұнда ақша салушының аты-жөні көрсетілмейді;
- мерзімді депозит‚ оларды салымшы күні бүһұрын келісілген мерзімнің (бір айдан бірнеше жылға дейін) аяғында белгіленген соманы жоғалтпастан ала алады‚ олардың жинақ салымнан гөрі өтімділігі аздау‚ бірақ пайызды көбірек әкеледі.