Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Депутат-кәсіпкерлер бизнес жөніндегі комиссия жұмысына араласу қажет

Депутат-кәсіпкерлер бизнес жөніндегі комиссия жұмысына араласу қажет

Депутат-кәсіпкерлерді бизнес мәселелері жөніндегі комиссия жұмысына тарту қажет. Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Алматы облысы кәсіпкерлерінің есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Оның айтуынша, бизнес-қауымдастық салық, кедендік кодекс жобаларын талқылауға, заңнаманы жақсартуға белсенді атсалысуы қажет.

«Бизнесмендер экономиканы жасайды. Сондықтан, сіздер заң шығару қызметіне белсене араласпасаңыздар, ертең бұл заңдарды сіздерсіз қабылдайды. Енжарлық танытуға болмайды. Бүгінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмыс комиттерінің барлық салаларында ұсынылған. Алайда, сіздер де ұсыныс енгізуде белсенділік танытуларыңыз қажет», – деді Палымбетов.

Сондай-ақ, бизнес-омбудсмен Кәсіпкерлер палатасының назарын барлық жергілікті мәслихаттарда депутат-бизнесмендердің ұсынылғандығына аударды.

«Мәселен, облыстық мәслихатта 27 депутат-бизнесмен бар, ол барлық сайланушылардың 61%-на тең. Талдықорғандағы қалалық мәслихатта 15 депутаттың 7-уі кәсіпкер. Қапшағайда да 7 депутат-бизнесмен бар, ал Текеліде 12 депутаттың 2-уі ғана кәсіпкер. Ал Алакөл ауданында 23 депутаттың 11-і, Еңбекшіқазақ ауданында 12-сі кәсіпкер. Оларды бюджеттік комиссия жұмысына, басқа да өзекті мәселелерді талқылауға тартыңыздар», – деп ұсыныс білдірді Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.

Сонымен қатар, оның пікірінше, мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында комиссияға бизнес-қауымдастықтың өкілдерін қосу қажет.

«Көптеген мәселе ақпараттың жоқтығынан туындайды, соның салдарынан түрлі жорамал туындайды. Сатып алу жөніндегі комиссия мүшелерінің арасында кәсіпкерлік қауымдастықтың өкілдері жоқ болғандықтан, оларды барлық комиссиялардың құрамына енгізу қажет», – деп атап өтті бизнес-омбудсмен.

Похожие материалы