Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Депутат Ұлттық қор қаражаты төмен қарқынмен игеріліп жатқанына наразы

Депутат Ұлттық қор қаражаты төмен қарқынмен игеріліп жатқанына наразы

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов кәсіпкерлерге бөлінген Ұлттық қор қаражатының төмен қарқынмен игеріліп жатқанын атап өтті.

"Цифрлар кәсіпкерлікті қолдауға арналған қаражаттың баяу игеріліп жатқанына куә. Проблемалық мәселелер - барлық аймақтар үшін ортақ: өтінімдер 6 айға дейін ұзақ мерзім қаралуы, құжаттардың үлкен пакеті, несиелерді қайтаруға және кәсіпкерлердің қаражатты пайдалануға арналған мерзімнің қысқалығы, несие сомасының мәлімделген сомадан 50%-ға дейін қысқартулы, кепілзаттық мүліктің төмен бағалануы және басқа мәселелер", - деп мәлімдеді ол сейсенбі күні Астанада өткен "Нұр Отан" фракциясы комиссиясының отырысында. "Бәйтерек" ұлттық холдингінің мәліметтеріне сүйенсек, "Даму" қорына бөлінген 100 млрд теңгеден 51,4 млрд теңге сомасына өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОБ) 328 жобасының қаржыландырылуы басталған.Жалпы алғанда қор 81,9 млрд теңге сомасына (82%) 437 жобаны мақұлдаған. Қазақстанның даму банкі (ҚДБ) бөлінген қаражаттың 26%-ын игерген - 25,6 млрд теңге сомасына 27 жобаның қаржыландырылуы басталып кеткен. Жалпы алғанда даму институты 47,5 млрд теңгеге 43 жобаны мақұлдаған. 2015-2017 жылдары барлық қаражат көздерінен кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталатын қаржыландырудың жалпы көлемі 225 млрд теңгені қамтиды. Оның ішінде Ұлттық қор қаражатынан 2015 жылы 100 млрд теңге бөлініп отыр: "Даму" қоры арқылы ШОБ жобаларын қаржыландыру үшін 50 млрд теңге және ҚДБ арқылы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру үшін 50 млрд теңге. Бұған қоса, халықаралық қаржы институттарының қаражатын жұмылдыру жоспары тұр: Дүниежүзілік банк - 2016-2017 жылдары 37 млрд теңге, Азияның даму банкі - 2015-2017 жылдары 81 млрд теңге және Еуропаның қайта құру және даму банкі - 2015-2016 жылдары 37 млрд теңге.

Похожие материалы