Познавательный
Дилерлер Peugeot мен Citroen автокөліктерінен бас тартып жатыр
Дилерлер француздық Peugeot-Citroen концерндерін саудаға салмайтындықтарын мәлімдеді.
Бұл жөнінде Renault RTD Service компаниясының президенті мен "Ресей Автокөлік Дилерлері" қауымдастығының вице-президенті мәлімдеп отыр. «Айтар жақсы жаңалығымыз - PSA Peugeot-Citroen өз автокөліктерінің бағасын түсірді. Бірақ, ол уақытқа дейін дилерлер ол көліктерден бас тартып үлгерді», — деп компания басшыларының сөзін келтіреді "Прайм".
«Ресейдің орталық бөлігінен «БН-Моторс» бас тартса, Курск қаласындағы «Антонина» компаниясы Citroen-ді сатылымға шығармайтын болды. Орел қаласындағы дилердің де жағдайы жоғарыдағыдай. "Независимость" өзінің сауда орталығының профилін өзгертіп, ендігі жерде тек ұсталған машиналарды ғана сататын болды», — дейді Андрей Петренко.
Еуропалық бизнес қауымдастығының мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында Ресейде Peugeot саудасы 1820 машинаға дейін, яғни 79 пайызға азайған. Ал, Citroen болса - 77 пайызға төмендеп, 1912 машинаға азайған.
22 мамырдан бастап екі француз маркасы да барлық машиналардың бағасые түсірген еді. "Пежо" баға тізбесі 10 пайызға қысқарды. Ал "Ситроендар" 30-450 рубльге арзандады.