Экономика
Әділет министрі Берік Имашев ОСК төрағасы болып тағайындалды
Орталық комиссия төрағасы болып бұрынғы әділет министрі Берік Имашев тағайындалды. Қазақстан президентінің сайтында осындай бұйрық жарияланды.
2007 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін бұл қызметте Қуандық Тұрғанқұлов отырған еді.
56 жасар Берік Имашев - Ломоносов атындағы ММУ түлегі. Прокуратура органдарында, бизнес-құрылымдарында, банктерде жүмыс істеді, жергілікті монополияларды реттеу бойынша агенттікті басқарды. 2005-2007 жылдары президент әкімшлігі басшысының орынбасары, 2007-2012 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, президент көмекшісі қызметтерінде болды. 2012 жылдан бері әділет министрі.