Экономика
Авто
Доллар бағамы 368,43 теңге болды
2016 жылдың 12 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 368,43 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 360 теңгені құрады. Максималды курс — 370,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 369,55теңге болды.
Күндізгі сессияда сауда көлемі 227 млн 200 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны —344.
12 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 368,43 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллардың 12 ақпандағы максималды курсы 370
теңге деп белгіленген.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Фото: vlast.kz