Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 377,92 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,75 теңге/$1) ұлттық валюта 1,83 теңгеге қымбаттады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,70 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,40 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,85 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 35 млн 360 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 96.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 379,5 теңге, Алматыда – 380,1 теңге.
Ұлттық Банктің 12 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 379,48 теңгені құрайды.