Алматы. 24 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,45 теңгені құрады. 21 маусымдағы таңғы сессиямен салыстырғанда (376,53 теңге/$1) ұлттық валюта 1,92 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378,20 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,70 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,55 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 105 млн 890 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 232.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380,3 теңге, Алматыда – 381,7 теңге.
Ұлттық Банктің 24 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 377,18 теңгені құрайды.