Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 6 наурыздағы доллардың орташа бағамы 319,60 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 319,32 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 320,10, сауданың аяқталуы кезінде 319,50 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 88 млн 650 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 149.
Ақша айырбастау орындарында 6 наурыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 322 теңгені құраған.