Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 320 теңге болды

Доллар 320 теңге болды

Алматы. 25 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 25 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 320,04 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 319,83 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 320,50, сауданың аяқталуы кезінде 319,86 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 115 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 153.

Ақша айырбастау орындарында 25 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 322,10 теңгені құраған.

Похожие материалы