Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 6 ақпандағы доллардың орташа бағамы 323,89 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 323,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 324,20, сауданың аяқталуы кезінде 324,02 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 109 млн 650 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 168.
Ақша айырбастау орындарында 6 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 325,60 теңгені құраған.