Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 325 теңгеге дейін түсті

Доллар 325 теңгеге дейін түсті

Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 18 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 325,50 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 325 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 326, сауданың аяқталуы кезінде 325,35 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 145 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 223.

Ақша айырбастау орындарында 18 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 328,20 теңгені құраған.

Похожие материалы