Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 327 теңгеден асты

Доллар 327 теңгеден асты

Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 9 ақпандағы доллардың орташа бағамы 327,18 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 325,85 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 327,50, сауданың аяқталуы кезінде 327,15 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 83 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 149.

Ақша айырбастау орындарында 9 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 329 теңгені құраған.

Похожие материалы