Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 376 теңгеге дейін қымбаттады

Доллар 376 теңгеге дейін қымбаттады

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 376 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (373,01 теңге / $1) ұлттық валюта 2,99 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 375,40 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 377,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 375,40 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 122 млн 300 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 220.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 379 теңге, Алматыда – 378,2 теңге.

Ұлттық Банктің 14 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 373,56 теңгені құрайды.

Похожие материалы