Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 383,96 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда ұлттық валюта бағамы 1,4 теңгеге арзандады.
Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 385 теңге, Алматыда – 385,7 теңге.
Ұлттық банктің 17 шілдедегі ресми бағамы 1 доллар үшін 383,01 теңгені құрайды.