Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 наурыздағы доллардың орташа бағамы 321,45 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 321,19 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 322,50, сауданың аяқталуы кезінде 321,19 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 47 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 208.
Ақша айырбастау орындарында 5 наурыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 323 теңгені құраған.