Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар аптаны 328 теңге деңгейінде бастады

Доллар аптаны 328 теңге деңгейінде бастады

Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 12 ақпандағы доллардың орташа бағамы 327,97 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 327,65 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 328,13, сауданың аяқталуы кезінде 327,76 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 31 млн доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 83.

Ақша айырбастау орындарында 12 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 329,80 теңгені құраған.

Похожие материалы