Экономика
Доллар бағамы 241 теңгеге түсті
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 246,9 теңгеге дейін түсті. KASE-нің күндізгі саудасындағы ең төменгі баға 240,5 теңгені, ал жоғары баға 249,6 теңгені құрады.
Бүгін KASE-нің таңғы сессиясында доллардың теңгеге қатысты бағамы 252,47 теңгемен аяқтаған еді. Бұл кешегі саудаға қарағанда 2,79 теңгеге төмен.
Қазір банктердегі валюта курсы да өзгерген. Қазкоммерцбанк долларды 238,52 теңгемен сатып алып, 243,89 теңгеге сатып жатыр. Халық банкінде сатып алу- 240,01 теңге, сату - 242,01 теңге. Еуразиялық банкте долларды сатып алу-239 теңге, сату - 240,9 теңге.
kurs.kz сайтының мәліметінше айырбастау пункттерінде ең төменгі баға 298 теңге, ең жоғары баға 242 теңге. Орташа бағам - 241 теңгені көрсетіп тұр.