Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 261 теңгені құрады

Доллар бағамы 261 теңгені құрады

22 қыркүйекте KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге қатысты бағамы 261,64 теңгені құрады деп жазылған Қазақстандық қор биржасының сайтында. Америкалық валюта таңғы саудамен салыстырғанда 8 теңгеге арзандады. Ол кезде доллар бағамы 269,96 теңгені болған еді.

Доллар бағамының төмендеуіне Ұлттық банк жүргізген валюталық интервенция себеп болып отыр. Еске салайық, кеше мемлекеттік реттеуіш саудаға 213,1 млн доллар шығарған еді. Бүгінгі саудадағы максималды баға 270 теңге деп белгіленді. Минималды баға 257 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 101,4 млн доллардан асты. Осыған дейін 21 қыркүйектегі доллар курсы 270,85 теңгені, ал таңғы саудада 270,46 теңгені құраған еді. 

Похожие материалы