Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ

Доллар бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде  18 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 327,96 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 327,80 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 328,15 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 327,98 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 20 млн 850 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 83.

Ақша айырбастау орындарында 18 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 329,50 теңгені құраған.

Похожие материалы