Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы көтерілді

Доллар бағамы көтерілді

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 7 маусымдағы доллардың орташа бағамы 333,20 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 332 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 333,76 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 333,68 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 200 млн доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 338.

Ақша айырбастау орындарында 7 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 335 теңгені құраған.

Похожие материалы