Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы көтерілді

Доллар бағамы көтерілді

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 8 ақпандағы доллардың орташа бағамы 325,24 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 324,80 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 325,57, сауданың аяқталуы кезінде 325,30 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 106 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 221.

Ақша айырбастау орындарында 8 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.15 Алматыда 326,60 теңгені құраған.

Похожие материалы