Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы кешегі қалпын сақтап қалды

Доллар бағамы кешегі қалпын сақтап қалды

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 7 ақпандағы доллардың орташа бағамы 323,87 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 323,50 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 324,10, сауданың аяқталуы кезінде 324,10 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 19 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 50.

Ақша айырбастау орындарында 7 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 326,10 теңгені құраған.

Похожие материалы