Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы кешегі қалпын сақтап қалды

Доллар бағамы кешегі қалпын сақтап қалды

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 18 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 327,84 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 327,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 328,20 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 328 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 76 млн 350 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 173.

Ақша айырбастау орындарында 18 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 329,50 теңгені құраған.

Похожие материалы