Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы сәл төмендеді

Доллар бағамы сәл төмендеді

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 12 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 329,34 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 328,45 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 331 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 328,50 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 142 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 263.

Ақша айырбастау орындарында 12 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 332 теңгені құраған.

Похожие материалы