Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы тұрақты

Доллар бағамы тұрақты

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 19 ақпандағы доллардың орташа бағамы 319,37 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 319,20 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 319,51 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 319,30 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 40 млн 600 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 106.

Ақша айырбастау орындарында 19 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 321,10 теңгені құраған.

Похожие материалы