Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 359,30 теңгеге арзандады

Доллар бағамы 359,30 теңгеге арзандады

2016 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 359,30 теңге болды. Бұл таңғы сессиямен салыстырғанда 3,3 теңгеге арзан , деп хабарлайды биржаның ресми сайты.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 358 теңгені құрады. Максималды курс — 361,15 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 361,15 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 44 млн 50 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 89. Таңғы және күндізгі сессия қорытынысы бойынша, доллардың орташа бағамы 360,90 теңгені құрады. Ал Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 362,8 теңгеден сатылуда.  

Похожие материалы