Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 340 теңгеге таяды

Доллар бағамы 340 теңгеге таяды

Қазақстан қор биржасының (KASE) 30 желтоқсандағы таңғы сессиясы кезінде доллардың орташа курсы 339,47 теңге болды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, таңғы сессияда АҚШ долларының минималды курсы 337,81 теңге болды. Максималды курс — 341 теңге. Сессия жабылу кезінде доллар бағамы 339 теңгені құрады. KASE мәліметі бойынша, долларға қатысты сауда көлемі — 160 млн 450 мың доллар. Валютамен жасалған келісімдер саны — 206. 30 желтоқсандағы доллардың ресми бағамы 337,66 теңгені құрайды. Ал 31 желтоқсанға арналған ресми бағам 339,47 теңге болады.

Похожие материалы