Экономика
Доллар бағамы 340 теңге деңгейінде қалды
Қазақстан қор биржасының (KASE) 30 желтоқсандағы күндізгі сессиясы кезінде доллардың орташа курсы 338,64 теңге болды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, күндізгі сессияда АҚШ долларының минималды курсы 337,90, теңге болды. Максималды курс — 339,10 теңге. Сессия жабылу кезінде доллар бағамы 338,50 теңгені құрады.
KASE мәліметі бойынша, сәрсенбі күнгі долларға қатысты сауда көлемі — 123 млн 800 мың доллар. Валютамен жасалған келісімдер саны — 203.
Ал Алматы қаласындағы ақша айырбастау бөлімдерінде доллар бағамы 340-341,5 теңгеден сатылуда.