Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 344,68 теңге болды

Доллар бағамы 344,68 теңге болды

Қазақстан қор биржасының (KASE) 2016 жылғы 6 қаңтардағы таңғы сессиясы кезінде доллардың орташа бағамы 344,68 теңге болды. Доллар бағамы сейсенбі күнгі курспен салыстырғанда 1,57 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты таңғы сауда кезінде минималды курс 344,5 теңге болды. Максималды курс — 345,00 теңге. Операция аяқталу кезіндегі курс — 344,85 теңге. АҚШ долларымен жасалған сауда көлемі 58,2 долларды құрады. Валютаға байланысты жасалған келісім саны — 111. 6 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы 343,14 теңге. Ал 7 қаңтарға арналған доллардың ресми орташа курсы 344,68 теңге болады. Фото: forbes.kz

Похожие материалы