Экономика
Доллар бағамы 363,80 теңгеге төмендеді
2016 жылдың 13 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 363,80 теңге болды. Теңге курсы 3 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы биржаның ресми сайты жазды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 362,50 теңгені құрады. Максималды курс — 365,01 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 364 теңге болды.
Күндізгі сессияда сауда көлемі 41 млн 500 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 64.
Ал Алматының айырбастау пункттерінде доллардың максималды курсы 366 теңгені құрайды. 13 қаңтарға арналған ресми курс бойынша, 1 АҚШ доллары 365,07 теңге.