Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 20 наурыздағы доллардың орташа бағамы 320,58 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 319,90 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 321,15 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 320,90 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 62 млн 150 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 152.
Ақша айырбастау орындарында 20 наурыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 323 теңгені құраған.