Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар курсы күрт көтеріліп, 335 теңгеге жетті

Доллар курсы күрт көтеріліп, 335 теңгеге жетті

2016 жылдың 19 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 334,89 теңге болды. Бұл 18 мамырдағы таңғы сауданың қорытындысымен салыстырғанда 4,89 теңгеге артық деп жазылған биржаның ресми сайтында.  

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 333,05 теңгені құрады. Максималды курс — 335,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 334,85 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 54,6 млн доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 89. Ақша айырбастау орындарында 19 мамырдағы доллардың максималды курсы — 336 теңге (Алматы уақытымен 11:30).

Похожие материалы