
Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 377,86 теңгені құрады. 22 қаңтардағы деректермен салыстырғанда (377,37 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,49 теңгеге әлсіреді.
Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 379 теңге, Алматыда — 379,9 теңге.
Ұлттық Банктің 23 қаңтардағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 377,29 теңгені құрайды.