Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар қайтадан 335 теңгеге нығайды

Доллар қайтадан 335 теңгеге нығайды

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz - 2016 жылдың 27 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 335,38 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минимал курсы 334, 35 теңгені құрады. Максималды курс — 335,65теңге, сауданың аяқталуы кезінде 335,45 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 19 млн 100 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 46.

Ақша айырбастау орындарында 25 мамырдағы доллардың максимал курсы — 336 теңге (Алматы уақытымен – 11:30).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы