Экономика
Доллар саудасына қатысқан банктер тізімі жарияланады
Ұлттық банк доллар саудасына қатысатын ауқымды банктер тізімін жариялады деп хабарлады басқарма баспасөз қызметі.
16 қыркүйектегі қорытынды бойынша, Ұлттық банктің ең ірі сауда көлемі - 58 млн доллар. Ал, ең аз мөлшердегі сауда Хоум Кредит Банкке тиесілі - 50 мың доллар.
Бұдан бұрын ҰБ валюталық интервенция жүргізуді 144 млн долларға көтеру туралы шешім қабылдаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 16 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасы (KASE) ұлттық валюта бағамын долларға шаққанда 300 теңгеге көтерген болатын. Соңғы аптада теңге долларға қатысты 13,46% -ға (09.09-16.09) төмендеген еді. Биржаның мәліметіне сәйкес, АҚШ доллары 16 қыркүйекте өткен сауда сессиясы кезінде теңгенің еркін айнлымға түсуіне байланысты жаңа рекорд орнатып, доллар бағамы 300 теңгеге жетті.