Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллардың орташа бағамы - 346,03 теңге

Доллардың орташа бағамы - 346,03 теңге

Астана. 9 тамыз. 7kun.kz - 9 тамыздағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы — 346,03 теңге. Бұл  туралы  Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми  сайтында  хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 345,25 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 346,65 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 346,33 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 45 млн 550 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 126.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Ақша айырбастау орындарында 9 тамыздағы доллардың жоғарғы курсы (Алматы уақытымен – 15:20) Алматыда 347 теңгені құраған.

Похожие материалы