Алматы. 8 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 8 маусымдағы доллардың орташа бағамы 333,88 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,56 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334,20 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 334,08 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 148 млн 750 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 192.
Ақша айырбастау орындарында 8 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 335 теңгені құраған.