Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Долларизация және дедолларизация

Долларизация және дедолларизация

Долларизация деп қандай да болсын мемлекет халқының өз елінің Ұлттық валютасынан гөрі «қор валютасы» саналатын долларды көбірек пайдалануын айтамыз. Бұл кезде евро, ағылшынның фунт стерлингі немесе басқа валюта да көрініс таба береді, тіптен бірнеше шетелдік валюта да бірден үстемдік ете алады. Долларизация үшін ең маңыздысы - ішкі валютаның екінші шепте тұруы.

Ал дедолларизация - осыған қарама-қарсы құбылыс. Яғни, Ұлттық валютаның өз мемлекетінде қолданыста бірінші шепте тұруын – дедолларизация процесі деп атаймыз. Дедолларизация кезінде ұлттық валюта шетел валютасының алдында биікте тұрады және бағаны, жұмысты, қызметті шетел валютасымен көрсетуге тыйым салынады.

Долларизация белгілі бір факторлардың әсерінен бастау алады. Олар ішкі валютаға қатысты (біздің жағдайда – теңге):

– Инфляцияның қарқынды өсімі;

– Девальвацияның бірнеше рет қайталынуы немесе қайталану қаупі;

– Экономиканың сыртқы елдерге экспорт және импорт тәуелділігі.

– Ішкі валютаны қолданушылардың аздығы.

Похожие материалы