Экономика
Дональд Трамп рейтингінің рекордтық деңгейге дейін түсуіне қатысты пікір білдірді

Вашингтон. 17 шілде. 7kun.kz - АҚШ президенті Дональд Трамп ABC News пен The Washington Post-тың бірлесіп жүргізген сауалнама нәтижесіне қатысты пікірін білдірді.
"ABC News пен The Washington Post-тың жүргізген сауалнама президент сайлауы кезінде шындыққа жанаспаған. Дегенмен халықтың 40 пайызға жуығы сенім артып отыр. Қазіргі жағдайда бұл жаман көрсеткіш емес", - деп жазды ол өзінің Twitter-дегі микроблогында.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп рейтингінің ең төменгі деңгейге дейін құлдырағанын хабарлаған болатын.
Айта кетейік, Gallup-тің мәліметінше, Дональд Трамп президенттігің инаугурациясының алғашқы күні жаңа басшыны 45 пайыз респонденттер қолдап, соншасы қарсылық білдірген болатын.