Өмірімізді жарықсыз, техника құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Ал барлық әлемді қуат көзімен қамтамасыз етіп, сауда айналымында бір ғасыр бойы брендке айналған батарея бар. Ол әлемдік саудада сұранысы жоғары тұрмыстық батарея – Duracell. Негізгі тұтынушысы 15-60 жас аралығындағы 100% халықтың сенімінен шыққан бұл қарапайым батареяның брендке айналуының сыры неде? Бірге зерделеп көрейік.
Duracell-ді кім ойлап тапқан? Duracell компаниясы ғалым Сэмюэль Рубен мен вольфрам жіптерін өндіруші үздік кәсіпкер Филип Меллоридің біріккен ынтымақтастығының нәтижесінде құрылған. Алғашқыда данышпан Сэмюэль Рубен ғылыми тәжірибесі үшін қажетті жабдықтарды іздеп Ф. Меллори компаниясына келген. Кейінірек білікті маман иелері бірігу арқылы жаңа өнім шығару мүмкіндігіне ие болатынын түсінген. Олардың серіктестігі 1975 жылы Ф. Меллоридің қайтыс болғанына дейін созылып, ары қарай Duracell International атауымен жалғасты. 1920 жылдың басында «P.R. Mallory Company» барлық өңірлердегі әскери техниканы қуаттауға арналған мырыш-сынап батареясын жасады. Бренд 1930 жылы АҚШ-тың Бетел қаласында алғаш жасалды. 1970 жылы сынаптан жасалған заттардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізетін зияны анықталғаннан кейін бұл батарея түрін шығару жұмысы тоқтатылды. Жаппай нарықта сұраныс сілтілі (сілтілік) элементтен жасалған заттарға ауысты. Бастапқыда сілтілік батареялар «Мэллори» атауымен жарық көрді. Компанияның табыс көзін көтерген негізгі фактор екінші дүниежүзілік соғыс. Өйткені температураға шыдамды, сыйымды, сапалы қуаттағыш батареяларға сұраныс жоғары болды. 1950 жылы Kodak компаниясы әлемдік саудаға жарықпен түсіретін фотоаппараттарды шығарды. Компания бұл технологияға арналған жаңа ААА стандартты батарея жасады. 1965 жылы «Duracell» сөзі барша тұтынушыларға бренд болып таныла бастады. Себебі «duracell» «ұзақ уақыт пайдаланатын батарея» мағынасын білдіретін еді. 1969 жылы «Duracell» Apollo 13 батареясы айда қолданған ең бірінші өнім болды. 1970 жылы батареяның дизайнына сары мен қара түстерді қолданып, олардың ерекшелігіне тоқталған. Мәселен, бал түстес сары формула өткізгіштігі мен мыс түстес қара батарея беріктігін бейнелейді деп алынған. Ең алғашқы болып телеарна жарнамаларында көрсетілімге шыққан бренд «бірде-бір батарея бұл сияқты емес» деген ұранмен халыққа танылды. 1973 жылы Нью-Йорктың Dancer, Fitzgerald және Sample жарнама агенттіктері батарея үшін естен кетпес барабан ұрған қоянды жасап шығарды. Күлгін түсті жұмсақ қоянның тартымдылығы көрерменді қызықтырады. Ол АҚШ-та аталып өтетін пасха мейрамының символына айналған қоянның нақ өзі еді. Жан-жақты ойластырылып жасалған батарея жарнамасы мақсатты танымалдылыққа жетеді. Содан бері тартымды әрі ерекше қоян бейнесі «Duracell» батареясының негізгі нышанына айналды. 1978 жылы «P.R. Mallory» компаниясын Dart Industries сатып алып, кейін 1980 жылы Kraft Foods зауытымен бірігеді. Ал 1988 жылы Kohlberg Kravis Roberts Duracell-ді қомақты қаржымен қарамағына өткізіп, 1 жылдан соң қоғамдық компанияға айналдырды. 1996 жылы брендты Gillette компаниясы сатып алып, 2005 жылы Procter & Gamble трансұлттық компанияның жетегіне өтеді. 2016 жылы 1 наурыздан бастап «Duracell» Berkshire Hathaway компаниясы қарамағында. Әлі күнге дейін құрылғыларды энергиямен қамтамасыз ету барысында әлемдік көшбасшылықтан айнымай келе жатқан бренд ұзақ мерзімді сапасын жоғарылату мақсатында барынша ізденіп келеді. «Duracell» өндірісінде әлем бойынша 3300 адам жұмыс істейді. Басты өндіріс орындары АҚШ, Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Азия елдерінде орналасқан. Қуаттайтын батареяларға деген сұраныстың көптігінен орта есеппен әрбір екінші мемлекетте күніне 63 «Duracell» өнімі сатылады. Бүгінгі таңда әлемнің әр түкпіріндегі зауыттардан өндірілетін батарея қарамағындағы Procell сауда белгісі атынан кәсіби қолданыста қолданатын қуаттағыш батареяларды жасап шығарады.
Брендке айналудың сыры неде? - Ұтымды жарнама көрсетілімі. Жарнамада жылдамдығымен көзге түскен атақты қоянның халықты баурап алып, ерекше әсерге бөлейтін тұстары тұтынушыларды қызықтырады. Нәтижесінде тауарға сұраныс артып, қолданушылар тарапынан сенім мен оң көзқарас туындайды. - Инновациялық технологиялар. 1990 жылы бренд Copper Тор Tester түрін жасап шығарып, 1996 жылы батареяның қуат көрсеткішін көрсетіп тұратын жолақты индикаторы шығарылды. Duracell 9 вольтты ААА, АА, С, D атты батарея өлшемдері арнайы шағын пейджерлер, қол шамдары, қандағы глюкоза деңгейін өлшейтін құралдар және есептегіш калькулятор, қол сағаты, дыбыс аппараттары мен медициналық құрылғыларды қуаттауға арналған. Сондай-ақ, қайта зарядталатын батареяларды да өндіреді. Тұтынушылар жаңа технологияның қарқынды дамуына сәйкес батареяның неғұрлым сапалы болуына талап қойды. Компания «Тұтынушы үнемі дұрыс» деген қағидамен бизнестерін өркендетті. - Зерттеу. «Duracell» сапасын үнемі арттыру үшін түрлі ғылыми-зерттеу орталықтарында тәжірибе жүргізіп отыратын өндірістің бірі. Айта кететін жайт «Duracell» батареясы тауардың жарамдылық мерзімін көрсеткеннен кейін барып, өзге компаниялар мұны ескеретін болды. Шығарылымында түрлі жаңалықтарды ала келетін азулы компания бір ғасырдан бері көпшілікке үлгі. Басты қарсыластары Energizer Lithium және GP ultra компанияларымен сапасы жағынан бірдей болса да, сапалы бренд Duracell бағасының төмендігі әлем назарын өзіне аудартқан. Бір қызығы «Duracell» өндіруші Procter&Gamble компаниясы тек табыс табумен ғана шектеліп қалмай, түрлі табиғи апаттардан туындаған мәселелерге де араласып, халыққа көмек қолын созған алғашқы бренд компаниясының бірі. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс пен Америкада дауыл салдарынан зардап шеккендерге арнайы баспана орталықтарын ашып, онда халық қажетті заттарын тегін қуаттап алуға және интернетпен жабдықтауға өз тараптарынан мүмкіндік жасаған.
Компания табысы 1960 жылы өндіріс өзінің сілтілі АА және ААА батарея өлшемдерін сатылымға шығарды. Компания табысы жеткілікті болса да, сауда айналымына компания тарапынан бақылауды тоқтатпады. Себебі кірістің басым бөлігі аймақтың еңбек ақысының көрсеткішіне байланысты еді. 1960 жылдың басынан 1970 жылдың ортасына дейін бренд сатылымы өте жоғары болып, орташа жылдық сатылым көрсеткіші 5%-ға өсті. 1973 жылы компания табысы шұғыл төмендей бастаған. 1977 жылы Fortune журналы жылдық табыс көзі 10 млн доллар және сауда айналымы 323 млн долларға ие 507 ірі холдинг компания рейтінгісінде PR Mallory бренді 170-орынға шыққандығын мәлімдейді. 1980 жылдан бері Duracell және оның қарсыласы Eveready сұраныстың жалпы бағдары бойынша батареяның барлық түрін жасауға тырысты. 1986 жылы «Eveready» компаниясы сауда нарығындағы табыстың 60% үлесін жинағанмен, 1989 жылы бұл көрсеткіш 42%-ға төмендеген. Яғни жыл сайын көшбасшы болуға тырысатын «Duracell» өнімі алдыға шықты. Нәтижесінде кез келген салаға қажетті батарея түрін шығарып, жаһанданған заманның барлық сұранысын қанағаттандыратын өнімге айналды. Компанияның жаһандық имиджін қалыптастырған басты қасиет батареяның ұзақ уақыт қолданылуы мен экологиялық таза тауар.
Сапалы батареяны таңдаудың 6 жолы 1. Батареяны өндіруші ескерткен кеңестер бойынша қолайлы көлемі мен қажетті өлшемін таңдап алған дұрыс. 2. Батарея бөліктерінің таза, сырылмаған, бүтін болуына назар аударыңыз. 3. Батарея салынған құрылғыны біраз уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз батареяны шешіп алып тастау қажет. 4. Батареяны қондырғыға салған уақытта оның дұрыс орналасу бағыттарын қадағалаған жөн. 5. Батареяны ылғалды емес үй температурасында сақтаған жөн. 6. Duracell батареясы салынған құрылғыны ауа температурасы жоғары бөлмеде ашық тастап кетуге болмайды.
Батареяларды дұрыс пайдалану шарттары 1. Қуаттағыш батареяларды қоқыс жәшігіне тастауға рұқсат етілген. Алайда, оны отқа тастауға тиым салынады. Батарея құрамы 1993 жылдан бері сілтіден жасалынбай, болат, мырыш, марганецтен жасап шығарылатынын өндірушілер ескертеді. Оларды дұрыс қолданып, сақтай білгенде қоршаған орта мен адам денсаулығына ешқандай зиян тигізбейді. 2. Химиялық элементтерден жасалынатын кейбір құрылғылар белгілі бір ережеге сай тасталуы қажет. Мәселен, мұндай нысандарға батареялар, литий, мырышты аккумуляторлар жатады. Фотокамера, ноутбук, ұялы телефондарға қолданатын АА немесе ААА стандартты батареяларды нақты ережелерге сәйкес лақтыруды талап етеді.
Батареяның жаңа мүмкіндіктері Duracell аккумуляторлы батареялары кем дегенде 5 жыл тоқтаусыз жұмыс істейді. Олар қуатты жібермей сақтап тұру қызметін қоса атқарады. Өз ішінде LSD батареясы 1 жыл қуат көзін үнемдеп, бұрынғы сапасынан 50%-ға жақсарған. Яғни 70 000 фото түсіру мүмкіндігін кеңейтіп, 400 есе қайта зарядтай алады. Бірнеше жыл бұрын Duracell мен Powermat бірігіп, сымсыз зарядтағыш құрылғыларды ойлап тапты. Сонымен қатар Iphone қаптамаларына қапталған micro USB және Apple қуаттайтын коннекторлар, қосалқы және микро батареялар шығарылды.