Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Е.Қарин Б.Сапарбаевтың жаңа қызметі туралы пікір білдірді

Е.Қарин Б.Сапарбаевтың жаңа қызметі туралы пікір білдірді

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында Бердібек Сапарбаевтың Ақтөбе облысы әкімі болып тағайындалуы жөнінде өз пікірін білдірді.

Қарин орын алған тағайындаулар туралы айта отырып, Президент мықты деген саясаткерлерді жауапты орындарға қойып отыр деді.

"Бердібек Сапарбаев - өте кәсіби маман. Орталық және жергілікті деңгейлерде өзін мойындатқан, тәжірибесі де баршылық. Енді ол еліміздің экономикалық дамуы үшін маңызды деп саналатын ірі аймақтың басшысы болады", - дейді саясаткер.

Сарапшының айтуынша, Сапарбаевтың әкім болып тағайындалуын ешқандай да төмендеу деп емес, қайта көтерілу деп санаған дұрыс.

"Бұл қате әрі дұрыс емес тұжырым. Неге екенін қайдам, белгілі бір шенеуніктерді жергілікті жұмысқа жібергенде көпшілік төмендеу деп бағалайды. Біздің жүйемізді есепке ала отырып қарасақ, аймақтардың ел үшін маңызы жоғары. Олар Президенттің өкілдері", - деген пікір білдірді Қарин.

Похожие материалы