Экономика
ЕАЭО төрағалығы Қазақстанға өтті
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне төрағалығын бастады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Қазақстанның Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңеске, Еуразиялық үкіметаралық кеңеске төрағалық етуі туралы шешім 2015 жылдың желтоқсан айының соңында Мәскеу қаласында өткен ЕАЭО отырысында қабылданды.
ЕАЭО елдері құрамына Ресей, Белорусь, Қазақстан Армения және Қырғызстан елдері кіреді.
Фото: nur.kz